Сарыағаш тұрғындары Астана күнін саябақта атап өтті

Сарыағаш тұрғындары Астана күнін саябақта атап өтті
Бүгін Сарыағаш ауданының орталық саябағы мерекелік ән мен күйге бөленді. Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Жайнай бер, гүлдей бер, Астана» атты шараға жиналған тұрғындар жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалады
Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев барша сарыағаштықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, Астананың тәуелсіздіктің тірегі әрі ел мақтанышы екенін атап өтті.
Сахна төрінде өнер көрсеткен жергілікті өнер ұжымдары мен жас таланттар жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл шара тұрғындарға елорда рухын сезініп, ортақ қуанышқа кенелуге мүмкіндік берді.





