Сарыағаштық шаруашылық тропикалық жемістерге бет бұрды

Сарыағаштық шаруашылық тропикалық жемістерге бет бұрды,-деп хабарлайды Пресса24.кз.

Сарыағаш ауданының диқандары дәстүрлі көкөніс пен бау-бақшалық дақылдардан бөлек, тропикалық жемістерді де өсіруді қолға ала бастады. Ынтымақ ауылының шаруалары бананды алғаш рет 5–6 жыл бұрын отырғызып, ерекше күтім мен тұрақты баптау арқылы оның өнім беруге жарамдылығын арттырды.

Қазіргі таңда банан ағашының Cavendish сұрпы ауладағы жылыжайда жайқалып, жемісін беріп отыр. Еңбекқор фермерлер жыл бойына бау-бақша өнімдерімен қатар тропикалық жемістерді де нарыққа шығарып, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер туғызуда.

Бұл тәжірибе аймақтағы аграрлық саланың әртараптануына жол ашып, Сарыағашты тек дәстүрлі дақылдар ғана емес, экзотикалық өсімдіктерді де табысты өсіретін аймаққа айналдырып отыр.