ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ РЕТТЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ РЕТТЕЛДІ
Түркістан облысында шомылу маусымына байланысты жағажай аумақтарындағы қауіпсіздік пен тазалық жұмыстары күшейтілген. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара су қоймасындағы демалыс орындарын тексеріп, бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылап шықты.
Әкім тазалық пен қауіпсіздік – туризм дамуының басты тетігі екенін айтып, жауапты тұлғаларға жағажай инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды. Бүгінде Шардарада 6 биоәжетхана, 160 қоқыс жәшігі, 10 киіну кабинасы орнатылып, 11 техника мен 80 жұмысшы тазалыққа жұмылдырылған. 409 сәкінің 171-і талапқа сай болмағандықтан алынып, қалғаны 50 метрге жылжытылған. Полиция тарапынан 196 құқықбұзушылық тіркеліп, 36 хаттама толтырылған.
Жағажайда 16 құтқарушы жұмыс істеуде, қауіпсіздік белгілері орнатылған. Облысқа туристер легі де артып келеді: биыл 5 айда 424 мың адам тарихи орындарды, 58 мың адам табиғи нысандарды аралаған. 18 мыңға жуық шетелдік турист келген, бұл былтырғыдан екі есе көп.





