ТҮРКІСТАНҒА САПАР: ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ УНИВЕРСИТЕТ ЖОБАЛАРЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ТҮРКІСТАНҒА САПАР: ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ УНИВЕРСИТЕТ ЖОБАЛАРЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістанға арнайы сапармен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ғылыми жобаларымен танысты. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі экологиялық бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді.

Президент кеңесшісі университет жанындағы 88 гектарлық Ботаникалық бақты аралап, сирек өсімдіктер мен ғылыми ізденістердің маңыздылығын атап өтті. Ол баққа көшет отырғызып, естелік тақтайша орнатты. Сонымен қатар жеміс-жидек өңдеу цехының жұмысы таныстырылып, өнім сапасы оң бағаланды.

Мәжілісте Зүлфия Сүлейменова биологиялық ресурстарды сақтау, жастарды ғылымға тарту жолдарын талқылап, университеттің “Ғылыми биология” мамандығы секілді бағыттарын қолдауға шақырды. Оның айтуынша, бұл Ботаникалық бақ – еліміздегі университет жанынан ашылған жалғыз ғылыми бақ.

Сапар соңында Президент кеңесшісі ғылыми әлеуеті жоғары жобаларға оң баға беріп, бұл тәжірибені басқа оқу орындарына енгізу қажет екенін атап өтті.