ТҮРКІСТАН: ТАБИҒИ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АЭРОВИЗУАЛДЫ ШОЛУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТАБИҒИ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АЭРОВИЗУАЛДЫ ШОЛУ ЖҮРГІЗІЛДІ
— деп хабарлайды Пресса24 тілшісі.
Түркістан облысында сел мен жер көшкініне қауіпті учаскелерге аэровизуалды бақылау жүргізілді. Шолу жұмыстарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық ТЖ департаментінің басшысы Асқар Түлешев қатысты.
Тексеру Сайрам-су, Өгем, Балдыберек және Ақсу шатқалдарындағы мұздық көлдер аумағында жүргізілді. Мамандар теңіз деңгейінен 2500–3520 метр биіктікте орналасқан учаскелердің жағдайын саралап, қауіп деңгейін бағалады.
Бақылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен актілер әзірленуде. Табиғи апаттардың алдын алуға бағытталған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасады.





