ТҮРКІСТАНДА КОРЕЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ IT-УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛАДЫ: ӘКІМДІК 100 ГРАНТ БӨЛДІ

ТҮРКІСТАНДА КОРЕЯЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ IT-УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛАДЫ: ӘКІМДІК 100 ГРАНТ БӨЛДІ

Түркістан қаласында биыл күзде халықаралық талаптарға сай Woosong University Kazakhstan университеті ашылады. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, талапкерлерді қабылдау басталды. Бұл жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен бастамасы.

Жергілікті әкімдік 100 білім грантын бөлуді мақұлдап, бұл шешім облыстық мәслихат сессиясында қолдау тапты. Қабылдау комиссиясы «Конгресс Холл» кешенінде орналасқан.

Жаңа ІТ университеті екі мамандық бойынша білім бермек:

  • Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету

Оқу ордасы 2000 студентке дейін қабылдай алады. Қазірдің өзінде 300-ден аса талапкер өтініш тапсырған, олардың ішінде республиканың барлық өңірінен және Қарақалпақстаннан үміткерлер бар.

Таяуда облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы Сонг Кён Киммен және делегациясымен кездесіп, университетті уақытылы ашу, оқу процесін нақтылау, құжаттандыру секілді мәселелерді пысықтады.