ЖЕТІСАЙДА СОҒЫС АРДАГЕРІ ПЕТР ПАПКОВ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Жетісай ауданында Ұлы Отан соғысының соңғы тірі куәгерлерінің бірі – Петр Кузьмич Папковтың 100 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Серік Мамытов ғасыр жасаған ардагердің шаңырағына арнайы барып, құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
1925 жылы 20 маусымда Татарстандағы Максимовка ауылында дүниеге келген Папков 1942 жылы майданға аттанып, 73-гвардиялық армияның 105-полкінде шайқасқан. Киев, Бухарест, Венгрия бағытындағы қанды ұрыстарға қатысып, соғыстан кейін ауыл шаруашылығында тракторшы болып еңбек еткен. Ардагер «Құрмет белгісі» орденімен, түрлі медальдармен марапатталған.
Ардагерге:
- Былтыр баспана кілті табысталды
- Биыл 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Нұралхан Көшеров атынан құттықтау хаттар жолданды - 5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек пен мерекелік себеттер тарту етілді
– Сұрапыл соғыста от кешіп, бейбіт өмір сыйлаған майдангерлерге қарыздармыз. Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі. Бұл – елдік пен мемлекеттің мерейін өсіретін тарихи тағзым, – деді аудан әкімі Серік Мамытов.
Жетісай жұртшылығы ғасыр жасаған ардагерге ерекше ықылас білдіріп, ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ерлерге тағзым етті.





