ЖОСПАРСЫЗ ЖЕТІСТІК ЖОҚ: ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан қаласының мектеп директорлары оқу жылы аяқталған соң бір ай бойы білім сапасын саралап, келесі оқу жылына дайындық жүргізді. 30 мамыр мен 30 маусым аралығында ұйымдастырылған бұл жұмыс барысында мектептердің білім беру көрсеткіштері талданып, кемшіліктер мен артықшылықтар анықталды.
Көпшіліктің қолдауына ие болған тиімді жобалар жаңартылып, жаңа оқу жылына енгізілмек. Ал кейбір бастамалар өзектілігін жоғалтқаны үшін тоқтатылды. Жоспарлау барысында білім берудің мемлекеттік көрсеткіштері мен стратегиялық мақсаттар басшылыққа алынды.
Оқу-ағарту саласындағы өзгерістер Абайдың «Ай сайын, жыл сайын өзіңнен есеп ал» деген рухани өсиетімен үндеседі. Білім сапасын арттыру үшін мұғалімдер мен басшылардан жүйелі жұмыс пен жаңашыл көзқарас талап етіледі.
Қазір мектеп ұжымдары еңбек демалысына шықты. Алдағы оқу жылында Түркістан қаласының білім саласы жаңа қарқынмен бастамақ.





