Бәйдібек ауданында зейнет жасындағы азаматтарға арналған заманауи орталық ашылды

Бәйдібек ауданында зейнет жасындағы азаматтарға арналған заманауи орталық ашылды
Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында ардагерлер мен зейнет жасындағы азаматтарға арналған “Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев пен аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, тұрғындарды жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.
«Бұл орталық – ауданның әлеуметтік өміріндегі маңызды қадам. Ол салауатты өмір салтын қалыптастырып, егде жастағы азаматтардың қоғамнан шет қалмауына жол бермейді», – деді Қырғызалиев.
Жаңа орталық заманауи құралдармен жабдықталған. Мұнда аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуіне, дене белсенділігін арттыруына және бір-бірімен әлеуметтік байланыс орнатуына барлық жағдай жасалған. Жоба кәсіби мамандардың қатысуымен жүзеге асырылуда.





